390
Жетісуда 6 баланың анасын өлтіріп кеткен
Қылмыс Ескелді ауданының әкімшілік орталығында жасалған.

Жетісу облысында 6 баланың анасын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыс туралы ақпарат блогер Айдос Кертаевтың Instagram-паблигінде жарияланды. Оқиға Қарабұлақ ауылында болған.
Жетісу облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Ескелді ауданының Полиция бөлімі адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Кісі өлімі ішімдік ішу кезінде болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын бақылауда ұстап отыр», - деді полиция.