Заңсыз криптовалюта өндірген азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды

Ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Тиісті лицензиясы болмаған.

Заңсыз криптовалюта өндірген азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды
istockphoto.com
Автор
Админ
163

Щучинск қаласының тұрғыны 2021-2024 жылдар аралығында цифрлы майнинг өндірісін іске қосып, криптовалюта өндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Тиісті лицензиясы болмаған.

Бірінші сатыдағы сот оның объектілерін тәркілеген. Алайда әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан тапқан пайданы тәркілемеген. 

Апелляциялық сот Бурабай ауданы прокурорының өтінішін қанағаттандырып, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына қосымша 19 млн теңгеден астам қаражат өндірді.

Серіктес жаңалықтары