Белгілі әнші Мақпал Жүнісованың қызы – Мерей Заманбекқызы рэп оқып, жұртты таң қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша қызы мюзиклдің үзіндісін орындаған.
«Қазақтың жаңылтпашы сияқты екен. Бүгінгі күннің бір сәтінен. Мерей айтып отырған мюзикол 7минутқа созылады екен, мен Фариза әнін айтқанда жеті минутта бітеді дейтін», - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары Мерей Заманбекқызының өнеріне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Мерейжан мамасына ұқсаған екен, дайын әртіс, киелі сахнаға шығуға болады екен», «Тіл-көзден аман бол, айналайын!», «Қызыңыз да керемет әнші екен, сахна күтіп тұр ғой», «Жаңылтпаш дегеніңіз күлкілі болды», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова Димаш Құдайбергеннің әжесінен қымбат сыйлық алғаны туралы хабарлған едік.