Өнер есінің айтуынша, концертте Димаш Құдайбергеннің әжесі оған сақина сыйлаған.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова Мақпал Жүнісоваға бағалы сый тарту етті.
Мақпал Жүнісова жыл сайын ұйымдастырылатын «Жан анам» концертіне қатысқан. Өнер есінің айтуынша, концертте Димаш Құдайбергеннің әжесі оған сақина сыйлаған.
«Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!», - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Халық әртісі Димаштың әжесіне жанды дауыста ән салып, алғысын білдірді.