Бес облыста жол жабылды

Ауа-райына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

Бес облыста жол жабылды
istockphoto.com
Автор
Админ
125

2025 жылғы 11 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 5 облыстағы республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Ақмола облысы:

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).

Қарағанды облысы:

-  "Астана-Караганда-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы). 

Қостанай облысы:

-  "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы). 

Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.

 

Серіктес жаңалықтары