368
Полицияға мың рет жалған қоңырау шалған ер адам ұсталды
Қазіргі уақытта полиция оның мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр

Жапонияның Абиго қаласының тұрғыны Юки Симидзу бір жыл ішінде жедел қызметке 4250 рет жалған қоңырау шалған.
Azattyq Rýhy мәліметінше, 46 жастағы ер адам төменгі қабаттағы көршілері шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзады деп шағымданып, полицияға үздіксіз қоңырау шалып отырған. Алайда әр жолы оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ешқандай құқық бұзушылықты анықтамаған.
Симидзудің соңғы әрекеті 14 ақпанда тіркелген. Ол небәрі бес сағаттың ішінде (17:00-ден 21:00-ге дейін) полицияға 14 рет хабарласып, көршілеріне шағымданған. Бұл жолы полицейлер күдік тудырған пәтерде кезекшілік атқарып, ешқандай шу болмағанын өз көздерімен көрген.
Нәтижесінде ер адам құқық қорғау органдарының қызметіне кедергі келтіргені үшін қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция оның мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр.