Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады

Қазір бала ауруханадан шығарылған, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады
istockphoto.com
334

Оқиға 5 ақпанда Байзақ ауданында болған. 

Бала мектептен шығып, үйіне қайтып келе жатқан. Ауыр жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Деректерге сенсек, иттер баланың екі бетін, маңдайы мен самай бөлігін, мұрнын тістеп тастаған.

Қазір бала ауруханадан шығарылған, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.

Серіктес жаңалықтары