Жаңаөзенде болған мешіттегі өрттен 12 жастағы бала зардап шекті

40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді.

Жаңаөзенде болған мешіттегі өрттен 12 жастағы бала зардап шекті
видеодан алынған скрин
426

Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт кешкі алты шамасында мешіттің жаңадан салынып жатқан кіреберісінен шыққан.

Өрттен 12 жастағы бала зардап шекті. Жеткіншек дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, баланың денесінің 17%-ын күйік шалған. Беті, құлағы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, беліне дейін от шарпыған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

 

Серіктес жаңалықтары