сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Оралда сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды

/
скриншот
Бөлім басшысы А. Ташенбаев 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Ташенбаевқа, оның қарамағындағы – бас маман Н. Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А. Купбаевқа қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы Антикор мәлімдеді. 

«Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Купбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Купбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыстың болмауынсыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

Бөлісу: