Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады

Мұндай ұйғарым консенсус негізінде қабылданған. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
сурет ашық дереккөзден алынды
550

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады», – деп жазды Р. Желдібай әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары