сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Синоптиктер сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

/
istockphoto.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» синоптиктері 2 наурызда еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлімдеді.

Синоптиктердің хабарлауынша, 2 наурызда ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) үйлесуі, олар жерге жақын атмосфералық ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді. ҚМЖ кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Бөлісу: