Санжар Тәшкенбай енді Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына толық дайындықпен барады
Болгариядағы «Странджа» турнирінде алғашқы жекпе-жегінде жарақат алған Санжар Тәшкенбайдың жаттығуға қайта оралатын уақыты анықталды.
Ирландиялық Луис Руниге қарсы кездесуде боксшы қолын ауыртып, жекпе-жек тоқтатылған еді. Алғашқы болжам бойынша, дәрігерлер оның қолы сынған болуы мүмкін деген. Алайда толық медициналық тексерістен кейін қолы сынбағаны, тек шығып кеткені анықталды. Дәрігерлер қолын салып берді, қазір спортшының жағдайы жақсы.
Санжар Тәшкенбай енді Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына толық дайындықпен барады.
Еске салайық, Санжар Тәшкенбай – 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.