«Маскадағы жігіт» жалғызбасты анаға тосын сый жасады
Әйел адам қызын педофил зорламақ болғандықтан балаларын бірге ертіп, таксист болып жүрген.

Маскадағы беймәлім жігіт екі баласымен бірге таксист болып, күнін көріп жүрген әйел адамға үй сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Үйлі болған Айжарқын – жалғызбасты, үш баланың анасы. Жалға көлік алып, такси болып нәпақасын тауып жүрген, алайда жуырда жол апатына түсіп, қызы қатты зардап шеккен. Отбасына толықтай оңалту көмегі қажет. Жекеменшік үйі жоқ.
«Жақында жалға алған көлікпен такси болып, ақша тауып жүрген жерімнен жол апатына түстім. Соққы болған сәтте терезеден ұшып кеттім. Арамызда үлкен қызым қатты зардап шекті. Қолы, аяғы сынып, басы жарылды», - дейді жалғызбасты ана.
Сөзін жалғай отырып, неліктен балаларымен бірге такси болып жүргенін түсіндіріп берді.
«2024 жылдың сәуір айында көршім мас күйде үлкен қызымды зорлай жаздады. Содан кейін қыздарымды біреуге қалдырудан қорқамын. Арманым – өзімнің азық-түлік сататын дүкенімді ашсам деймін. Төрт күн болды намаз оқығаныма. Әсіресе кеше кешке түсініксіз бір сезімде болдым», - дейді Айжарқын.
Осыдан кейін маскадағы беймәлім жігіт жол апатынан кейін өзінің, балаларының емделуіне, жекеменшік дүкенін ашуға жететін қаражат пен ең бастысы баспана сыйлады.