Странджа турнирі: Санжар Тәшкенбай жарыстан шығып қалды

Қазақстандық боксшы нокдаунға түсіп қалды.

Странджа турнирі: Санжар Тәшкенбай жарыстан шығып қалды
Фото: Instagram/boxingkazakhstan
160

Отандасымыз Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогында» қарсыласына есе жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбай ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жектің бірінші раундында нокдаунға түсіп қалды. Осы сәттен кейін ол жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады. Кейін белгілі болғандай боксшы қолын жарақаттап алған.

Серіктес жаңалықтары