243
Әнару Құрманәлінің адвокаты Тұраровтың әйелінің сөзін жоққа шығарды
Осыған дейін боксшының әйелі Әнару Құрманәлінің сотталайын деп жатқанын айтқан болатын

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуін зорлады деп сотқа берген Әнару Құрманәлінің өзі сотталайын деп жатқаны туралы айтқан. Алайда бойжеткеннің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасап, ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адвокат Клара Исаның желі қолданушыларының біріне жазған жауабына қатысты мәлімдеме жасады.
«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», - деп жазды Ләззат Ахатова.