Қар мен жаңбыр қатар жауады: 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірқатар өңір тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Қар мен жаңбыр қатар жауады:  26 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Сурет: istockphoto.com
267

Синоптиктер сәрсенбіге арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.  

Ақмола облысының батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Сол сияқты облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ал облыстың батыс, оңтүстік және шығыс аудандарында желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.  

Көкшетауда 26 ақпанда күндіз жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетуі ықтимал.

Абай облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батыс бағытында өзгереді. Облыстың оңтүстік және орталық аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Өскемен қаласында 26 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласындағы 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. күтіледі. Қостанай қаласында 26 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 26 ақпанда тұман күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Таразда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Алматыда күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кешкі уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Ақтау қаласында 26 ақпанда қар, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 26 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Серіктес жаңалықтары