Батыс Қазақстан облысында шекарашы қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан.

Батыс Қазақстан облысында шекарашы қаза тапты
istockphoto.com
222

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Өнеге ауылы маңында Казталовка - Өнеге - Жәнібек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, Ford Focus көлігінің төрт жолаушысы жарақат алды.

Қаза тапқандардың бірі шекара қызметінің қызметкері екені анықталды.

«Қазір полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Шекара қызметі қызметтік тексеріс бастады», - деп мәлімдеді ҰҚКД Шекара қызметі өкілі.

Серіктес жаңалықтары