20
Күн сайын экранға 4 сағаттан артық қарау көру қабілетінің төмендеу қаупін 97 пайызға арттырады – зерттеу

Күн сайын 4 сағаттан артық уақыт экранға қарау көру қабілетінің нашарлау қаупін 97%-ға арттырады, ал 3 сағаттан асса – депрессия қаупі артады. Бұл нәтиже 335 мың адам қатысқан зерттеу нәтижесінде анықталды.
Алайда, жағымды жаңалықтар да бар: гаджеттерді шамамен 60-119 минут аралығында қолдану, әсіресе білім алу мақсатында, мазасыздық деңгейін төмендетуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, экран уақытының ұзақтығын бақылау және көзге үзіліс беру денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі саналады. Сонымен қатар, табиғи жарықта көбірек уақыт өткізу және физикалық белсенділікпен айналысу көздің саулығын жақсартуға көмектеседі.
Дәрігерлер ата-аналарға балалардың экран алдында отыру уақытын шектеуді және олардың гаджеттерді пайдалану әдеттерін бақылауды ұсынады. Бұл тек көру қабілетін қорғап қана қоймай, психикалық денсаулыққа да оң әсерін тигізеді.