«Көше тазалаудан миллиардерге дейін»: Динара Сәтжанның сарыағаштық күйеуі кім

Желіде тележүргізуші Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов деп болжам айтып жатқандар бар. Бір жыл бұрын тележүргізушінің өзі одан сұхбат алған, деп хабарлайды tyrkystan.kz Тodayinfo-ға сілтеме жасап.
Жұмабек Есілбекұлы Жанықұлов – Қазақстанның белгілі кәсіпкері, ел экономикасының түрлі салаларында жетекші орын алатын бірнеше компанияның ортақ иесі. Ол «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы қызметін атқарады.
Жанықұлов мырза «Тараз металлургиялық зауыты» мен «Теміртау электрометаллургиялық комбинатының» президенті болып табылады. Сонымен қатар, ол «Кемел Ұрпақ» қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті. Оның бизнес мүдделері Saryopan Operating (бельгиялық Carmeuse Group-пен бірлескен химиялық реагенттер өндіру зауыты), Nova Medical Centre (еліміздің 11 аймағында филиалдары бар медициналық диагностикалық орталықтар желісі) сияқты компанияларды қамтиды.
Кәсіпкерлік қызметінен бөлек, Жұмабек Жанықұлов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып келеді. Ол Қазақстан Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының төрағасы ретінде қазіргі геосаяси жағдайдағы қазақстандық кәсіпкерлердің мәселелерін көтеріп, олардың халықаралық алаңдарда өзекті проблемаларын талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Жанықұлов өзінің еңбек жолын қарапайым қызметтерден бастап, табандылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында ірі кәсіпкерлікке қол жеткізген. Ол жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың санын арттыруды мақсат етеді. «Уақыт көрсетеді» подкастына берген сұхбатында ол көше тазалаушы болғанын айтқан.