Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Отандастарымыз ел рекордын жаңартты.

Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Сурет: istockphoto.com
90

Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның велотрек құрамасы қола медальға ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандастарымыз 3:59.215 уақытта мәреге жетіп, ел рекордын жаңартты. Бұл нәтижемен Қазақстан командасы үшінші орынға шықты. Құрамында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Алишер Жұмахан, Дмитрий Носков сияқты спортшылар бар. Ал алтын медальді Оңтүстік Корея, күміс медальді Жапония жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары