86
Шығыс Қазақстандағы екі ауданда жұмыс уақыты өзгерді

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді.
24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.
«Бұл өзгерістер таңның ерте атуы мен кешкі батуымен байланысты. Осылайша, тұрғындарға күндізгі уақытты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беріледі. Шешім жұртшылықпен талқыланғаннан кейін қабылданды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ бұл бастаманы жер-жерде талқылады», - деп хабарлады аудан әкімдіктерінен.