«AMANAT» партиясының өкілдері ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады
Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған инватакси енді ерекше қажеттілігі бар балалардыңқауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдануына мүмкіндік береді.

Кеген ауданында мүмкіндігі шектеулі балалардытасымалдау мәселесі шешімін тапты. Бұған дейін ата-аналар «AMANAT» партиясы Кегенаудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндеөткен аудан әкімінің кездесуінде өз өтініштерін жеткізгенеді. Олар балаларды мектепке, медициналықмекемелерге және басқа да маңызды орындарға апару қиын екенін айтты.
«Біз балаларымызды тасымалдау үшін әрдайым көлікіздеуге мәжбүр болдық. Такси жүргізушілері мүгедекарбасын алудан бас тартатын, қоғамдық көліктермүлде ыңғайсыз. Сондықтан бұл мәселені аудан әкімініңқабылдауында көтердік. Қысқа уақыт ішінде нақтышешім шыққанына қуаныштымыз», – дейді ата-аналардың бірі.
Қабылдауда көтерілген бұл мәселе «AMANAT» партиясының Кеген аудандық филиалы арқылы облыстық деңгейде қаралды. Нәтижесінде, аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы жабдықталған инватакси бөлінді.
«Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, нақты шешім шығаруға күш салдық. Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, шешімін табуға күш салдық. Арнайы инватакси бөлініп, ерекше қажеттілігі бар балалардың күнделікті жүріп-тұруыжеңілдеді. Енді олар қажетті мекемелерге ешқиындықсыз жете алады», – деді партияның аудандықфилиал төрағасы Тұрсынбай Әлімбай.
Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған инватакси енді ерекше қажеттілігі бар балалардыңқауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдануына мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың сапалы білім алуына, медициналыққызметтерге уақытылы қол жеткізуіне және әлеуметтікортаға бейімделуіне жол ашады.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдыққабылдау бөлмелері – халық пен билік арасындағытікелей диалог алаңы. Мұнда азаматтар өз мәселелерінкөтеріп қана қоймай, оның нақты шешілуіне тікелейықпал ете алады.