Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
77 келідегі Болатбек Сейілхан қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Болатбектің пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.
Жазғы Азиада-2026: Болатбек Сейілхан джиу-джитсудан қола жүлде алды