180
Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді
2014 жылдан бері мұнда 81 туыстық бүйгек ауыстыру отасы жасалды

Ақтөбеде 33 жастағы науқасқа ота жасалды. Атыраулық әйелге бөлесі бір бүйрегін берді.
Ақтөбе медицина орталығында ағза ауыстыру отасы жасалды. Бұл жолы Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны ем қабылдады. Ол 2022 жылдан бері гемодиализ қабылдайды.
- Науқасқа 26 жастағы бөлесі донор болды. Донор мен реципиенттің аналары бір туған. Отаны хирург А. Елемесов, Т. Сүйіндіков, анестезиолог М. Қуанышев, медбике А. Махамбеталиев жасады. Ал хирург - трансплантолог Н. Мусин, М. Рысмаханов, Ж. Әлмырзаұлы отаға дайындады. Ота 5 сағатқа созылды. Екі адамның да жағдайы қалыпты, - деп хабарлады Ақтөбе медицина орталығы.
2014 жылдан бері мұнда 81 туыстық бүйгек ауыстыру отасы жасалды.