Енді елімізде табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Кездесу барысында табысы төмен азаматтарға несие беру талаптарын қатаңдату ұсынылды

Енді елімізде табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды
istockphoto.com
209

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, халықтың артық қарыз жүктемесін төмендету мәселесін талқылау үшін екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында табысы төмен азаматтарға несие беру талаптарын қатаңдату ұсынылды. Сонымен қатар банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы тиіс.

"Қарыз алушылар қарызды өтеуде қиындықтарға тап болған жағдайда, несие шарттарын қайта қарастыру қажет. Алдымен ең осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсетілуі тиіс", – делінген ресми хабарламада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруге және қарызын қайтара алмайтын адамдарға несие бермеуге міндеттеуді ұсынды. Сондай-ақ қарызын мерзімінен кешіктірген азаматтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізу қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары