Интернет-алаяқтыққа арналған жабдықтары бар екі шетелдік азамат ұсталды

/
Интернет-алаяқтыққа арналған жабдықтары бар екі шетелдік азамат ұсталды
polisia.kz
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл қызметі ұялы байланыс операторларымен және "Қазақтелекоммен" бірлесіп, интернет-алаяқтар пайдаланатын техникалық арналарды анықтау шараларын белсенді жүргізіп жатыр.

Киберполиция қызметкерлері заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанға келген екі жұмыссыз шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

- Екі қалада жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Ускембаев.

Жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды. 11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі шетелдік. 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан астам sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары