Пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан адамдар зардап шеккен, деп хабарлады turkystan.kz Гамбург өрт қызметіне сілтеме жасап.
"Гамбургтің Рённебург ауданында автомобиль мен ұзақ қашықтыққа жүретін пойыздың соқтығысуы болды", - деп хабарлады Гамбург өрт қызметі өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Алдын ала мәліметтер бойынша соқтығысу салдарынан 12 адам жарақат алған, олардың екеуі ауыр хәлде. Полиция өз кезегінде 200-ден астам жолаушының эвакуацияланғанын хабарлады.