Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

/
Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
istockphoto.com
Жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған.

Алматыда түнгі уақытта жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған. Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Exit маркалы автокөлік жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол апатынан ер адам қаза болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Полиция департаментінен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары