Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді

Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Голос народа
412

9 ақпанда Астананың сол жағалауында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді.

“Нұра ауданында өрт сөндірушілер Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің сыртқы қаптамасындағы өртті сөндіріп жатыр. Өрт оқшауланды”, – делінген хабарламада.

Тұрғындардың алдын ала эвакуацияланғаны атап өтілді. Өрт болған жерге тұрғындарды жылыту үшін вахтовка жеткізілді. Кейінірек өрттің толық сөндірілгені хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары