Қытайда лай көшкінінен 29 адам жоғалып кеткен

/
Қытайда лай көшкінінен 29 адам жоғалып кеткен
Табиғи апат салдарымен күреске 11 миллион доллар бөлінген

Қытайда толассыз жауған жаңбыр лай көшкініне ұласып, 29 адам жоғалып кеткен.

24.kz арнасының мәліметінше, апат Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында болған. Екі тұрғын құтқарылған. Біреуінің жарақаты ауыр. Лай көшкіні 11 үйді басып қалған. 200 кісі қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік азық-түлік, жылы көрпе-жастық сияқты қажетті заттарды шұғыл жеткізген.

Президент Си Цзиньпин іздеу-құтқару жұмысын жеделдетуді тапсырды. Табиғи апат салдарымен күреске 11 миллион доллар бөлінген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары