жұма, 18 сәуір, 2025

Головкин шорт-тректен Қазақстан құрамасын Азия ойындарының алтын медалімен құттықтады

/
olympic.kz
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Харбин – 2025 Азия ойындарының эстафеталық жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған шорт-трек құрамасын құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды. Бүгін сіздер жеңіске деген жігерлеріңіздің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдіңіздер. Және көп жылдан кейін Қазақстанның әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалады.

Сіздерді осы жеңіске жетелеген бапкерлеріңізге ерекше алғыс айтамын. Бұл жарқын жеңіс – бүкіл ел үшін зор қуаныш. Рақмет, алға, Қазақстан!» – деді Геннадий Головкин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары