Көкшетау қаласында әжесі мен немересі жоғалып кеткен

1960 жылы дүниеге келген қала тұрғыны 12.30 шамасында аулаға немересімен бірге серуендеуге шыққан.

Көкшетау қаласында әжесі мен немересі жоғалып кеткен
Sinegor.kz
913

Көкшетауда әжесі мен немересі жоғалып кеткен. Туыстары көмек сұрап, еріктілерге жүгінді. Бұл туралы әлеметтік желідегі Sinegor.kz парақшасын жарияланды.

Ақпаратқа сүйенсек, 1960 жылы дүниеге келген қала тұрғыны 12.30 шамасында аулаға немересімен бірге серуендеуге шыққан.

«Әженің есте сақтауы нашар, қолында телефоны да, ақшасы да жоқ. Баланың қолында ойыншық көлік болған», - деп жазылған ақпаратта.

Кейінірек жоғалғандарды kokshetau.lider.kz еріктілері іздеп тапқаны белгілі болды.

«Жоғалғандарды іздеуге бір күн кетті. Әжесі мен немересі өз үйінің ауласынан жоғалған. Бақытымызға орай, олар кешке қарай Сәтбаевтағы аллеяда серуендеп жүрген жерінен табылды», - деп жазылған мәліметте.

Серіктес жаңалықтары