Биік ғимараттарға қойылатын өртке қарсы талаптар күшейтілмек

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

Биік ғимараттарға қойылатын өртке қарсы талаптар күшейтілмек
140

Енді биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар пайдалануға берілмес бұрын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуы тиіс. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

"Соңғы жылдары адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биік ғимараттарды өрт нормаларын сақтамай салу жағдайлары жиілеп кетті, кейін оның салдары өрттердің орын алуы мен адам өліміне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты министрлікке биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру өкілеттігі беріледі. Сондай-ақ жаңадан жобаланатын Хан Шатыр, ЭКСПО сияқты құрылысы ерекше объектілерге қатысты арнайы техникалық шарттарды келісу нормасы енгізіліп жатыр. Өрттен қорғау жүйелерін орнату бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында, осындай қызмет көрсететін ұйымдарға жекелеген талаптар қойылады. Яғни олардың тиісті білімдері мен қажетті жабдықтары болу керек. Осылайша біз талаптарға сай келетін ұйымдарға ғана рұқсат беретін боламыз" , – деді министр.

Шыңғыс Әрінов өрт салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда, адамдар жаппай жиналатын объектілерді сақтандыру жүйесі енгізіліп жатқанын айтты. 

"Бұл ірі объектілердегі өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттырады және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді", – деп есептейді ол.

Серіктес жаңалықтары