100 млн теңге тапқан: «Автолюкс» қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосылған.

100 млн теңге тапқан: «Автолюкс» қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті ұсталды
istockphoto.com
259

Қаржылық мониторинг агенттігі «Автолюкс» инвестициялық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша іс тіркеді.

Қаржы пирамидасы 2024 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін уақыт жұмыс істеді. Алайда, оның қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және басқа облыстарға таралып үлгерген.

Белгілі болғандай, күдікті интернет-дүкен платформасында жұмыс істей отырып, тауарларды жалған түрде бөліп төлеуге сатып алу үшін ақша салуды ұсынып, әр 10 күн сайын 5%-дан 15%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде берген.

Кейінірек, салымшылар нақты сатып алынбаған тауарлар үшін қарыздарды төлей берді, ал күдікті ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ойын-сауыққа, соның ішінде шетелге (БАӘ, Тайланд және т.б.) сапарларға жұмсады.

«Пирамидаға 150-ден астам адам жұмылып, нәтижесінде 100 млн теңгеден астам қаражат салған.

Күдікті қаржы пирамиданың қаражатына екі автокөлік, Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы көліктерді сатып алғаны анықталды, олар соттың санкциясымен тәркіленді.

 Сот күдіктіге қатысты «үйқамақ» түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылы Агенттік салымшыларға 20 миллиард теңгеден астам залал келтірген 42 қаржы пирамиданы жойды. 78 адам сотталып, 13 миллиард теңгеден астам залал өтелді, 287 миллион теңге мөлшерінде мүлік тәркіленді.

Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.

Серіктес жаңалықтары