бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Батыс Қазақстанда жеңіл көлік суға батып кетті (ВИДЕО)

/
скриншот
Оқиға 2 ақпан күні сағат 18.00-ге таман «Самал» шағынауданы маңында болды.

Оралда өзенге батып кеткен автокөліктен екі ер адамның денесі табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 ақпан күні сағат 18.00-ге таман «Самал» шағынауданы маңында болды. 

«Өзенге батып кеткен көлік құралынан табылған екі ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрделер сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың көлік пен адам денесін судан шығаруға көмектескенін жеткізді. 

Бөлісу: