Антикор: Ақтөбе облысында шенеуніктер 672 млн теңге жымқырған

Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды.

Антикор: Ақтөбе облысында шенеуніктер 672 млн теңге жымқырған
istockphoto.com
188

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

«Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді.

Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. 

Бұдан басқа, тергеу шеңберінде 359 млн теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары