Қытайдағы Qinhu Bay Forest Animal Kingdom хайуанаттар бағында иттерді қызғылт сары түске бояп, оларды жолбарыс ретінде көрсеткен.
Жануарлар Цзянсу провинциясының Тайчжоу қаласындағы Цзянъян ауданында орналасқан хайуанаттар бағында тор ішінде түсірілген. Бұл оқиға Қытайдағы тағы бір хайуанаттар бағында иттерге қара дақтар салып, панда ретінде көрсеткеннен кейін төрт ай өткен соң қайталанып отыр.
Әлеуметтік желі қолданушылары хайуанаттар бағының бұл әрекетін айыптап, жануарларға қатысты этиканы сақтауға шақыруда.