Қазақстандық конькишілер Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.
Алена Лифатова, Алина Дәуранова және Арина Ильященко Коллальбода (Италия) өткен Әлем кубогының кезеңінде нео-сеньорлар арасындағы командалық спринтте үздік шықты. Олардың жеңісі Қазақстанға бір күн ішінде екінші алтынды алып келді.
Қазақстандық команда 1:35.56 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын итальяндық спортшыларға бұйырды (1:37.71), ал үшінші орын Норвегия құрамасына (1:39.20) тиесілі болды.