сенбі, 19 сәуір, 2025

Халыққа «7-20-25» бағдарламасы аясында 1 триллион теңге қарыз берілген

/
istockphoto.com
«7-20-25» — бұл Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама

Халыққа «7-20-25» бағдарламасы аясында 1 триллион теңге қарыз берілген, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«2025 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,080 трлн теңгеге 77 916 қарыз берілді», – делінген.

Оның ішінде:

Астана қаласы – 452,5 млрд теңге (28 387 өтінім)

Алматы қаласы – 255,4 млрд теңге (16 177 өтінім)

Шымкент қаласы – 74,1 млрд теңге (5793 өтінім)

Айта кетейік, «7-20-25» — бұл Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары