Бүгін қазақстандық боксшы чемпиондық титул үшін жұдырықтасады

Алғашқы жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынбақ

Бүгін қазақстандық боксшы чемпиондық титул үшін жұдырықтасады
Ethan Miller/Getty Images
271

1 ақпанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО) Лондондағы «Уэмбли» стадионында жергілікті боксшы Адам Азиммен (12-0, 19 КО) жұдырықтасады.

1bol.kz мәліметінше, алғашқы жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынбақ. Британдық боксшы карьерасында мүлдем жеңіліп көрмегенін ескерсек, букмекерлер оның жеңіске жететінін болжап отыр.

Айта кету керек, қос боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өте алмады. Екеуінің де салмағы белгіленген нормадан асып кеткен. Ұйымдастырушылар мұнан кейін оларға екінші рет мүмкіндік беріп, тек осыдан кейін ғана олар қажетті салмақты жасап үлгерді. Яғни енді титул үшін жұдырықтасуға рұқсат бар.

Серіктес жаңалықтары