500
АҚШ-та тағы бір ұшақ үйлер үстіне құлады
Бортта төрт экипаж мүшесі, бір науқас және онымен бірге еріп шыққан жолаушы болған
Бортында алты адамы бар медициналық эвакуациялық ұшақ Филадельфияның солтүстік-шығысында көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.
Learjet 55 тиесілі әуе жедел жәрдем компаниясы бортта төрт экипаж мүшесі, бір науқастың және онымен бірге еріп шыққан жолаушы болғанын хабарлады.
Zakon.kz мәліметінше, ұшақ құлаған жерде көптеген зардап шегуші бар. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30 шамасында Roosevelt Mall маңында болған.
"Филадельфия мэрі Шерелл Паркер оқиға орнынан өткізілген баспасөз мәслихатында жерде бірнеше үй мен көліктер отқа оранғанын айтты. Зардап шеккендер бар. Жедел жәрдем ұшағы Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайынан ұшып, Миссуридегі Спрингфилд-Брэнсонға бет алған. Апатқа не түрткі болғаны әлі белгісіз", - дейді басылым.