Бүтін бір отбасы граната жарылуынан қаза тапты

Әзербайжанның бас прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр

Бүтін бір отбасы граната жарылуынан қаза тапты
Trend.az
730

Әзербайжанның Хиндарх ауылында жарылыстан бір отбасының бес мүшесі қаза болды.

Azattyq Ryhy мәліметінше, оқиға кішкентай баланың қоқыстан граната тауып алып, оны үйіне әкелгеннен кейін болған.

Ол оны басқа отбасы мүшелеріне бергеннен кейін жарылғыш зат іске қосылып кетіп, бір отбасының бес мүшесі қаза тауып, тағы екі адам жараланды, деп хабарлады аудандық прокуратура. Оның үшеуі – бала.

Әзербайжанның бас прокуратурасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары