Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Республика даңғылы бойындағы жиһаз шеберханасының жертөле қабатында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері келмей тұрып, 80-ге жуық адам өздігінен көшеге шығып кеткен. Кейін құтқарушылар 21 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.
«Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Сарыарқа ауданындағы Республика даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі жиһаз шеберханасының қоймасында өрт шыққан. Қабылданған шаралармен өрт 50 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген министрліктің хабарамасында.