185
«Миы шайқалған»: қатарластары топ болып, соққыға жыққан қыз баланың жағдайы белгілі болды
Осыған дейін Алматыда оқушы қызды қатарластары соққыға жығып кеткені туралы хабарланған

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бір топ жасөспірім соққыға жыққан қыз баланың жағдайы туралы түсініктеме берді. Зардап шеккен қыз бала қаладағы балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер қызға жабық бас-ми жарақаты мен миы шайқалған деген диагноз қойды. Қазір зардап шегуші аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде емделуін жалғастыруда.
«Баланың жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты және динамикалық жақсаруда», - деп хабарлады дәрігерлер оқиғаның егжей-тегжейін.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда оқушы қызды қатарластары соққыға жығып кеткені туралы хабарланған болатын.