81 жастағы атақты актер Кристофер Уокен ұялы телефон, email және әлеуметтік желілерді мүлде пайдаланбайтынын мойындады.
«Үйімде тек спутник антеннасы бар. Тіпті өзім түскен Severance сериалын да DVD арқылы көремін, оларды маған түсірілім тобы жібереді. Ешқашан email жазған емеспін және твиттер дегеннің не екенін білмеймін», – деді ол The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында.
Уокеннің айтуынша, ол әрдайым жаңа технологиядан тыс өмір сүрген және байланыс үшін дәстүрлі әдістерді қолдануды жөн көреді.
«Бұрын телефон-автоматтар бар еді, ал қазір адамдар бір-бірімен тек экран арқылы сөйлеседі», – деп қосты актер.
Ол цифрлық әлемнің қарқынды дамуына қарамастан, өз өмір салтын өзгертуді жоспарламайтынын айтты.