жұма, 18 сәуір, 2025

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды

/
istockphoto.com
Ол Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды.

Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.

«Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары