Есік көліне апартын жол көктемге дейін жабылмақ

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, бұл шектеу қар көшкіні мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр.

Есік көліне апартын жол көктемге дейін жабылмақ
ile_alatau_nationalpark
135

Алматы облысында Есік көліне баратын жол 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін жабылды.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, бұл шектеу қар көшкіні мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр.

Түрген – Обсерватория тас жолы бойындағы Түрген орман шаруашылығының бақылау-өткізу пункті арқылы ұлттық паркке баруға жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ жеңіл, жүк және жолаушылар көлігіне сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтуге рұқсат етілген, — деп түсіндірді мекемеден.

Кешкі сағат 18: 00 - ден таңғы сағат 10:00 - ге дейін өтіуге тыйым салынады.

Осыған дейін елімізде қар көшкіні жаңа әдіспен түсірілетіні туралы жазған едік.

Қазақстанда көшкін қаупі бар 619 учаске бар, оның 165-і Алматы қаласында орналасқан. Соңғы жылдары қысқы демалыс түрлерінің танымалдылығы артқаннан кейін адамдардың өміріне қауіп айтарлықтай өсті.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында таулы аумақтың басым бөлігінде жоғары температура мен мол жауын-шашын болады. Бұл қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына алып келеді және көшкін қаупі бар оқиғалардың ықтималдығын арттырады.

Серіктес жаңалықтары