342
Алаяқтар ақтөбелік ақынның атынан ақша жинаған
Интернет алаяқтары айылын жияр емес.
Ақын Ершат Қайболдин әлеуметтік желіде маңызды хабарландыру айтты, деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша белгісіз адамдар ақынның есімін пайдаланып, таныстарынан ақша сұраған.
«Достар, Ассалаумағалейкүм! Алаяқтар менің атымнан контактымдегі адамдарға мен болып хабарласып қарызға ақша сұрап жатыр екен! Ешкімге ештеңе бермеңіздер!», — деп ескертті Е. Қайболдин.