213
Ақтөбелік азамат ұрыларға өз туысының үйін тонауға көмектескен
Ұрылар үйден 10 млн теңгені алып кеткен.
Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен ірі көлемде ақша ұрланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені алып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде төрт күдіктіні анықтап, ұстаған. Ұрыларға тоналған пәтер иесінің туысқаны көмектескен. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма-қол ақша бар екенін айтқан.
Ұрылар ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.