«Штрафстан» деген жаңа ұғым пайда болды»: Асхат Аймағамбетов еліміздегі айыппұлдар мәселесін көтерді
Ол мәселені шешудің жолдарын ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында қоғамда кеңінен талқыланып жатқан айыппұлдардың көбею мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Депутат қазіргі таңда елімізде айыппұлдар салу жүйесіне қатысты көптеген сын айтылып жатқанын, қоғамда "айыппұл саны мемлекеттік бюджетті толтыру мақсатында артып отыр" деген пікір барын алға тартты. Ол бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды.
"Қазіргі таңда айыппұлдарға қатысты олардың салынуы әділетсіз және тек қана бюджет қаражатын толтыру үшін салынып жатыр деген мағынаны сарказм арқылы жеткізетін "Штрафстан" деген жаңа ұғым пайда болды. Бұл ретте айыппұлдар тәртіпті сақтау үшін қолданылатын қажетті құрал және қауіпсіздік пен заңдарды сақтауға жақсы әсер етеді деп санайтындар бар.
Өкінішке қарай, көп адам әкімшілік жазалар жүйесі өзінің негізгі мақсатынан (бұзушылықтардың алдын алу және түзеу) ауытқып, бюджет табысын арттыру тәсілі ретінде қабылдап жатыр", - деп жазады депутат.
Аймағамбетов бұл жағдай әкімшілік жауапкершілік институтына деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін жеткізді. Сол себепті ол бірқатар шараны қолға алу керек деп есептейді. Бұл ретте айыппұлдар орынды әрі проблеманы шешуге бағытталуға тиіс екенін ескертті.
"Аса үлкен мәселеге айналған айыппұлдар мысалы:
• Мектептердегі айыппұлдар. Үш ауысымда жұмыс істейтін немесе жабдықтары жоқ, жөндеу жұмыстары жасалмаған мектептерге айыппұл салынады. Алайда мектеп директоры қаржыландырудың жоқтығы немесе әкімдік мектептің бар-жоғын ескермей тұрғынүй құрылыс жұмыстарына рұқсат беруі секілді жүйелік проблемаларға жауапты бола алмайды. Осы тұста әр директорға 600-900 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.
• Ақылы автотұрақтар. Автотұрақ құны 100 теңге, ал оны төлемегендерге салынатын айыппұл құны 200 есе көп.
• Шамамен 20 жыл бұрын тұрғынүй аймақтарында 5 минуттан артық автокөлікті қыздырғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза енгізілген. Германияны мысалға келтіріп, экологиялық аспектілерді айтып, бұл айыппұл бұған дейін "өлі норма" болып келгені қайталай беруге болады. Бірақ климаттық және басқа да аспектілерді ескеріп, қадамдардың ара-жігін айыра білу қажет", - дейді ол.
Аймағамбетов бұл мәселелерді шешу үшін тексеріс жасап, айыппұлдардың әділ әрі орынды салынуын қолға алу керек екенін баса айтты. Ал тұрақтың ақысын төлемеу секілді ұсақ-түйек бұзушылықтар үшін ірі көлемдегі емес, құнына сай айыппұл қарастыру қажет деп есептейді. Оған қоса, кей бұзушылықтарда тіпті айыппұлдарды оқыту курстарымен алмастыру қажет, дейді депутат. Айыппұлдарды халық бюджетті толтырудың бір амалы деп емес, заңбұзушылықтардың алдын-алу шарасы деп түсінуі үшін оларды белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жұмсау қажеттігін де еске салды.